«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов өңірлердегі филиал ғимараттарының жай-күйімен танысты.
Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Руслан Түсіпов орталықтың балансындағы және жалға алынған ғимараттардың техникалық жағдайына жан-жақты талдау жүргізіп, фотоматериалдармен бірге баяндама ұсынды. Басқарма төрағасы талдау нәтижелерін кеңесшімен бірлесіп талқылап, нысандарды жетілдіру бағытында пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша Басқарма төрағасы ғимараттар мен инфрақұрылымды тиімді пайдалану, сондай-ақ шығындарды оңтайландыру бағытында нақты тапсырмалар берді.


