+7 (7172) 55 95 55

M

28.04.2026

«Өрлеу» орталығында департаменттердің жұмыс нәтижелері қаралды

«Өрлеу» орталығының Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов департамент директорларының қатысуымен кеңес өткізді. Жиын барысында Орталықтың іске асырылып жатқан бастамаларына жан-жақты талдау жасауға бағытталған құрылымдық бөлімшелердің ағымдағы қызметінің кеңейтілген таныстырылымы өтті.

Департамент басшылары атқарылған жұмыстар мен нәтижелерін баяндады. Сонымен қатар стратегиялық жоспарлауды жетілдіру және жұмыс тиімділігін арттыру мәселелеріне басымдық берілді.

Сапаны бағалау, Стратегия және халықаралық ынтымақтастық, Зерттеу және талдау, сондай-ақ Білім беру процесін басқару департаменттерінің басшылары негізгі көрсеткіштер мен іске асып жатқан жобаларды таныстырды. Бұл жобалар Орталықтың педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі рөлін нығайтуға бағытталған.