+7 (7172) 57 46 00

M

20.02.2026

«Өрлеу» пәндік тренерлері мектеп мұғалімдеріне арналған семинарлар өткізуде

Қазақстанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен British Council Kazakhstan серіктестігі аясында әзірленген заманауи каскадты оқыту моделі бойынша AELLCA халықаралық бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Пәндік тренерлер кешенді оқытудың қорытынды кезеңіне — еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде семинарлар өткізуге көшті.

Екі күндік семинар барысында пәндік тренерлер мұғалімдермен оқытудың жаңа әдістемелерімен және тиімді өзара іс-қимыл техникаларымен бөліседі, халықаралық стандарттарды отандық білім беру жүйесіне интеграциялау және кәсіби жетілу стратегиялары туралы айтады. Өз кезегінде «Өрлеу» орталығының мастер-тренерлері олардың жұмысын бақылап, әдістемелік қолдау көрсетеді және кері байланыс береді. Оқытудың финалдық кезеңінен өткеннен кейін, 2026 жылдың наурыз айында пәндік тренерлерге халықаралық үлгідегі сертификаттар беріледі.

British Council Kazakhstan мен Norwich Institute for Language Education (NILE) бірлесіп дайындаған халықаралық тренерлерді оқыту бағдарламасы «Өрлеу» мамандарын даярлаудың тұрақты жүйесін құруға және олардың негізгі кәсіби құзыреттіліктерін нығайтуға бағытталған. Бұл, өз кезегінде, бүкіл ел бойынша біліктілікті арттырудың сапалы бағдарламаларын қамтамасыз етуге және таратуға ықпал етеді.