UNESCO-ның ақпараттық платформаларында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тәжірибесіне арналған бірнеше халықаралық жарияланым жарық көрді. Бұл материалдар еліміздің педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы мен білім беруді цифрландыруға қосқан нақты үлесін көрсетеді.
UNESCO-ICHEI халықаралық жаңалықтар
Мақалада «Өрлеудің» UNESCO-ICHEI және UNESCO IITE-мен бірлесіп, педагогтерге арналған жасанды интеллект бойынша халықаралық микросертификаттау курстарын ұлттық контекске бейімдеп енгізу тәжірибесі баяндалады.
Нәтижесінде 324 мың педагог оқыту бағдарламасына қамтылып, 252 мыңы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мойындаған сертификаттарға ие болды. Бұл модель Орталық Азия елдері үшін тиімді тәжірибе ретінде ұсынылды.
CLOUD халықаралық журналы
UNESCO-ICHEI-дің цифрлық білім беру саласындағы инновацияларға арналған CLOUD журналында «Өрлеу» халықаралық серіктестікті практикада іске асырудың табысты үлгісі ретінде көрсетілген. Басылымда жаһандық цифрлық трансформация идеяларын жергілікті білім беру жүйесіне бейімдеу, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырудағы «Өрлеудің» рөлі айқындалады.
UNESCO IITE халықаралық жаңалықтар
Материалда «Orleu ThinkSpace» эксперттік алаңында талқыланған педагогтердің үздіксіз кәсіби даму бағытындағы ЖИ қолданудың халықаралық үрдістері мен ұлттық тәжірибесі баяндалған. Пікірталаста ЮНЕСКО-ның Ақпараттық технологиялар институты ұсынған «Мұғалімдердің ИИ-құзыреттілігі құрылымы» сараланып, жақында қабылданған «Жасанды интеллект туралы» заңның білім беру үдерісіне ықпалы мен нейрожелілерді мектеп практикасына кіріктіру тетіктері жан-жақты талданды.
Бұл жарияланымдар «Өрлеудің» тек ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық білім беру қауымдастығында да танылғанын және Қазақстанның білім беру саласындағы тәжірибесінің жаһандық маңызға ие екенін дәлелдейді.




