Бұл — сұлулықтың, мейірім мен жылулықтың символына айналған көктемнің шуақты мерекесі.
Бүгінде нәзік жандылар ел өмірінің барлық саласында белсенді еңбек етіп, қоғамның дамуына және мемлекетіміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді. Білім беру саласын дамытуда еліміздегі 492 мыңнан астам әйел-педагогтің еңбегі айрықша.
Барша аруларды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым құрмет пен ықыласқа бөленіп, өмірлеріңіз шаттық пен берекеге толы болсын.

