+7 (7172) 57 46 00

M

10.02.2026

«Қаржылық сауаттылық» курсына қатысушылар оқыту нәтижесіне қатысты пікірлерімен бөлісті

«Қаржылық сауаттылық» курсына қатысушылар оқыту нәтижесіне қатысты пікірлерімен бөлісті. Бағдарлама барысында педагогтер отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестициялау негіздері, несие және зейнетақы жүйесінің қағидаттары, сондай-ақ қаржылық алаяқтық түрлерін ажырату дағдыларын қамтитын оқу мазмұнымен танысты.

Айта өтейік, биыл қаржылық сауаттылық негіздері бойынша шамамен 4 мың педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланған. Педагогтер алған білімін оқу процесінде пайдалану арқылы оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, жоба аясында балаларға арналған анимациялық сериал, интерактивті симуляторлар мен ойын-тренажері әзірленіп, қаржылық білім қолжетімді әрі түсінікті форматта ұсынылды.
IMG_9023