Педагогтер тарапынан келіп түскен өтініштерге байланысты байқау платформасы арқылы өтінімдер мен конкурстық материалдарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 8 шілдеге дейін (қоса алғанда) ұзартылды.
Байқауға мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.
Республикалық кезеңнің жеңімпаздары Педагогикалық шеберліктің халықаралық фестивалінде өз жұмыстарын таныстыру мүмкіндігіне ие болады.
Толық ақпарат және өтінім беру: https://ppi.orleu.edu.kz
Өз тәжірибеңізді таныстырып, педагогикалық идеяларыңызбен бөлісу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

