+7 (7172) 55 95 55

M

02.07.2026

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауына өтінім қабылдау мерзімі 8 шілдеге дейін ұзартылды

Педагогтер тарапынан келіп түскен өтініштерге байланысты байқау платформасы арқылы өтінімдер мен конкурстық материалдарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 8 шілдеге дейін (қоса алғанда) ұзартылды.

Байқауға мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

Республикалық кезеңнің жеңімпаздары Педагогикалық шеберліктің халықаралық фестивалінде өз жұмыстарын таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Толық ақпарат және өтінім беру: https://ppi.orleu.edu.kz

Өз тәжірибеңізді таныстырып, педагогикалық идеяларыңызбен бөлісу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!