+7 (7172) 55 87 82

M

23.09.2026

ПЕДАГОГТЕРДІ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА БОЙЫНША АТТЕСТАТТАУ: «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында Атырау қаласындағы облыстық және жалпы білім беретін мектептердің аттестаттау мәселелеріне жауапты мамандарының қатысуымен кеңейтілген вебинар өтті.

Кездесуге қала мектептеріндегі педагогтерді аттестаттау үдерісін ұйымдастыруға және «Ұстаз» платформасымен жұмыс істеуге жауапты мамандар қатысты.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының «Ұстаз» платформасының Атырау қаласы және облысы бойынша кураторы Тулесинова Сымбат Багитовна жүргізді.

Вебинар барысында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысу шарттары, кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі және аттестаттау үдерісіне қатысты маңызды мәселелер кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пилоттық жоба мен платформа жұмысына қатысты нақты әрі толық жауаптар алды. Кездесу барысында туындаған практикалық мәселелер бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай түсіндіру жұмыстары педагогтерді аттестаттаудың жаңа тетіктерін түсіндіруге, жауапты мамандардың ақпаратты дұрыс әрі бірізді жеткізуіне және «Ұстаз» платформасымен жұмысты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.