«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіру» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Сакенов Сағидолла Ерсайынович өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен жаңалықтар түсіндіріліп, қолданыстағы құқықтық нормаларға қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар ұжымда ашықтық, адалдық және парасаттылық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне назар аударылды.
Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер мен жауаптар алды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және адалдық қағидаттарын сақтау – ортақ жауапкершілік.

