+7 (7172) 55 87 82

M

23.09.2026

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ПЕДАГОГТЕРІН АТТЕСТАТТАУ: ПИЛОТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында Атырау қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың аттестаттауға жауапты мамандарына арналған ақпараттық-түсіндіру вебинары өтті.

Кездесуде қыркүйек айынан бастап іске асырылып жатқан педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясындағы негізгі өзгерістер мен аттестаттау үдерісін ұйымдастыру мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар қатысушыларға педагогтерді аттестаттау барысында қолданылатын «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі таныстырылып, маңызды сұрақтарға жауаптар берілді.

Вебинар барысында мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің аттестаттауға қатысуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, жауапты мамандарға қажетті практикалық түсіндірмелер ұсынылды.