Педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу – кәсіби дамуды тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік беретін маңызды кезең.
Филиалда педагогтерді курстан кейінгі қолдау жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі білім беру ұйымдарының басшыларымен өткен кездесу барысында педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен курстан кейінгі қолдауды реттейтін нормативтік құжаттарға, соның ішінде ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығымен бекітілген қағидаларға және өзгерістерге назар аударылды. Сонымен бірге білім беру ұйымдарының өзара байланысы педагогтің кәсіби дамуын жүйелі сүйемелдеуге бағытталатыны атап өтілді.
Қатысушыларға LMS, BELES платформасында жұмысты ұйымдастыру тәртібі көрсетіліп, жеке жоспар мен сабақ материалдарын жүктеу, куратордан кері байланыс алу, талдамалық есеп ұсыну және курстан кейінгі қолдау кезеңдерін аяқтау жолдары таныстырылды. Сондай-ақ диагностикалық бағалау мен сауалнама арқылы оқыту нәтижелерін бақылаудың маңызы айтылды.
Біздің мақсатымыз – педагогтің курста меңгерген дағдысын күнделікті тәжірибесінде тиімді қолдануына қолдау көрсету. Бірлескен әдістемелік сүйемелдеу педагогтің кәсіби әлеуетін нығайтып, білім алушының оқу жетістігін арттыруға және білім сапасын жақсартуға жол ашады.

