+7 (7172) 55 87 82

M

06.10.2026

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

 

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының өңірлік кезеңінің жүлдегерлері марапатталды. Салтанатты жиында сөз алған филиал директоры Нұржан Нұрлыбаев өз сөзінде:

– ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен биыл сегізінші рет өткізілген республикалық байқаудың өңірлік кезеңі аяқталды. Биылғы панорама «Идеядан – нәтижеге, тәжірибеден – жаңашылдыққа» ұранымен өтті. Заманауи білім беру тәжірибелерін таратуда «Өрлеу» институтының рөлі ерекше екенін айтқым келеді. Әлемді өзгертетін ұлы жаңалықтардың барлығы бір ғана ойдан басталады. Ал білім сапасы ең алдымен ізденетін ұстаздан басталады, – деп атап өтті.

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттауға Түркістан облысының білім басқармасының «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының педагог-шебер ұстазы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Далмырзаев Сакен Абдиманатұлы қатысты.

Байқаудың өңірлік кезеңіне Түркістан облысында 7 бағыт бойынша 610 педагогтен өтінім келіп түскен. Оның ішінде шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланған 42 қатысушы өңірлік кезеңнің жүлдегері атанды. Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген дағдылары мен тәжірибелері олардың идеяларын жетілдіріп, байқауға қатысуына негіз болды.
Жүлдегерлерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табыс етілді. Педагогикалық идеялары үздік деп танылған І дәрежелі диплом иегерлері республикалық кезеңге жолдама алды.