2026 жылғы 5–9 қазан аралығында мемлекеттік және жекеменшік орта білім беру ұйымдарының, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, басшы орынбасарлары мен математика пәні мұғалімдеріне арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» біліктілікті арттыру курсының 8-легі басталды.
Курс барысында педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшылары қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған заманауи тәсілдермен танысып, қаржыны тиімді жоспарлау, жинақтау, инвестициялау, қаржылық тәуекелдерді бағалау және цифрлық қаржы құралдарын қауіпсіз пайдалану бағыттары бойынша білімдерін жетілдіреді.
Оқу үдерісіне «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Мыңбаева Акбота Камзабековна және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі Калмурзаева Жанна Амангелдіқызы қатысып, теориялық білімді практикалық мысалдармен ұштастыра отырып жүргізуде. Қаржылық сауатты педагог – қаржылық мәдениеті қалыптасқан ұрпақ тәрбиесіне үлес қосады.

