«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Кеңесте тренер-оқытушылар өткізетін сабақтардың сапасын бақылау нәтижелері, педагогтерді аттестаттау барысы, «Ұстаз» платформасын дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.
Оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің директоры Сәуле Вильданова тренерлер жұмысының сапасын бақылау қорытындылары мен оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған әдістемелік ұсынымдарды таныстырды. Баяндамада цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, тыңдаушылар белсенділігін арттыру, сараланған оқыту және бағалау сапасын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментінің директоры Камила Айтқожина педагогтерді аттестаттау нәтижелері мен «Ұстаз» платформасын сүйемелдеу жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ жаңа пилоттық жоба аясында платформаны жаңғырту және педагогтерге көрсетілетін қолдауды кеңейту бағытындағы жұмыстар таныстырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер Сағидолла Сәкенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік этика жөніндегі жұмыс жоспары туралы ақпарат берді. Есептік кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен мүдделер қақтығысы фактілері тіркелмегені атап өтілді.
Кеңес қорытындысында Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов барлық құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың өзара үйлесімді жұмысын күшейтіп, білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қойылған міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.


