+7 (7172) 55 87 82

M

15.09.2026

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ТАЛДАУ: ІШКІ МОНИТОРИНГТІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Білім беру бағдарламаларының орындалуын ішкі бақылау мониторингі» тақырыбында практикалық бағыттағы іс-шара өтті.

Іс-шара барысында ішкі мониторингтің мақсаты мен міндеттері талқыланып, білім беру бағдарламаларының орындалуын тек сандық көрсеткіштер арқылы ғана емес, оқу үдерісінің сапасы мен нақты нәтижелері негізінде бағалау мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар «Жоспар → Процесс → Нәтиже → Түзету» қағидаты бойынша мониторинг жүргізудің тиімді алгоритмімен танысып, нақты кейстерді талдау арқылы бақылау нәтижелерін саралау және анықталған мәселелер бойынша шешім ұсыну жұмыстарын орындады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ішкі бақылауды нәтижеге бағыттап, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін тиімді мониторинг тетіктерін тәжірибеде қолдану.