+7 (7172) 57 46 00

M

17.02.2026

Елімізде «Келешек мектептері» педагогтеріне арналған онлайн оқыту басталды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» педагогтеріне арналған онлайн курсының кезекті легін іске қосты. Оқыту педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім беру үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған.

Биыл жаңа форматтағы 178 қалалық және ауылдық мектептен 4 мыңнан астам педагог оқытудан өтеді. Мұғалімдердің басым бөлігі сабақты қазақ тілінде жүргізеді (87,4%). LMS цифрлық білім беру платформасында жүзеге асатын онлайн курс 11 пәндік бағытты қамтиды: бастауыш оқыту, математика, физика, информатика, химия, биология, география, тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілі. Курсқа қатысушылардың тізімін алдын ала өңірлердегі білім басқармалары жинақтады.

Бағдарламалар педагогтердің пәндік білімін тереңдетуге, білім беру сапасын арттыруға және білім алушылармен тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын дамытады. LMS жүйесіне оқытудың цифрлық ресурстары: бейнедәрістер, презентациялар, практикалық тапсырмалар, өзіндік бақылауға арналған жұмыстар, сарапшылар сабақтары және тағы басқа материалдар енгізілген. Онлайн оқыту педагогтерге мектептегі оқу үдерісінен қол үзбей білім алуға мүмкіндік береді.

IMG_9495