+7 (7172) 57 46 00

M

03.02.2026

«Келешек мектептері» педагогтеріне арналған онлайн оқытуға тіркеу басталды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды жалғастыруда. Онлайн-оқытудың үшінші легі ақпан–сәуір айлары аралығында өтеді.

Бағдарлама аясында жаңа форматтағы мектептерде 11 пән бойынша сабақ беретін үш мыңнан астам қазақстандық педагогті даярлау жоспарланған. Қатысушылардың тізімі еліміздің өңірлеріндегі білім беру саласын басқару жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жасақталады. Оқыту «Өрлеу» ұлттық орталығы әзірлеген Learning Management System (LMS) білім беру платформасында ұсынылған цифрлық оқу-әдістемелік материалдар негізінде жүзеге асырылады. Бағдарлама педагогтердің пәндік білімін тереңдетуге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған.

Курс тыңдаушыларын тіркеу 2 ақпаннан бастап Педагогтердің бірыңғай деректерқоры (ПБДҚ) арқылы жүзеге асырылады. Кейіннен педагогтерге арналған пәндердің мазмұндық ерекшеліктері, оқу кестесі және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер бойынша түсіндіру бағытындағы тікелей эфирдегі сессиялар өтеді.