+7 (7172) 55 95 55

M

17.03.2026

King’s College London сарапшысы «Өрлеу» тренерлеріне халықаралық тәжірибелерді таныстырды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің үздіксіз кәсіби даму жүйесін жетілдіру мақсатында «Педагогтерді даярлаудағы ЖИ-сауаттылық» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Шараға «Өрлеу» орталығының 20 тренері мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілері қатысты.

Оқуды King’s College London-ның жасанды интеллект және білім беру саласындағы постдокторант-зерттеушісі Майра Қлышбекова жүргізді. Семинар бағдарламасы білім беруде ЖИ-ді қолданудың өзекті кәсіби және этикалық мәселелеріне арналды. Негізгі назар ЖИ технологияларын жауапкершілікпен пайдалануға аударылды. Сондықтан қатысушылар жауапкершілік пен әділдік, деректермен жұмыс істеу және нейрожелілер жасаған материалдарды пайдаланудың білім алушылар мен педагогтер үшін салдары сияқты тақырыптарды егжей-тегжейлі талқылады.

Семинар аясында практикалық сессиялар өтіп, онда тренерлер ЖИ-ді қолданудың артықшылықтарын, сондай-ақ оны интеграциялау кезінде туындайтын қиындықтар мен қайшылықтарды қарастырды. ЖИ-дің оқыту стратегияларына, заманауи мұғалімнің тәжірибесі мен кәсіби пайымдауына қалай әсер ететінін сыни тұрғыдан түсінуге ерекше көңіл бөлінді.

Айта кетейік, бұл семинар педагогтердің кәсіби шешімдерді қалай қабылдайтынын, мұғалім рөлінің қалай өзгеретінін және тренерлердің жұмыс істеп жүрген педагогтерді даярлау мен қолдау кезінде қандай практикалық тәсілдерді қолдана алатынын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.