ӨСУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОЙЛАУ НЕГІЗІНДЕГІ LESSON STUDY ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ЖƏНЕ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАЛАЙ ƏСЕР ЕТТІ?
Аңдатпа
Мақалада білім беру үдерісіндегі өзекті мəселе - оқушылардың тек туа біткен қабілеттерге сенуі жəне оның оқу нəтижелеріне теріс əсері қарастырылды. Зерттеудің мақсаты - өсуге бағытталған ойлау жүйесін (growth mindset) қалыптастыруға негізделген Lesson Study тəсілінің оқушылардың үлгеріміне жəне мұғалімдердің кəсіби пайымдарына əсерін зерделеу. Мақалада сауалнама, жартылай құрылымдалған сұхбат жəне сабақты бақылау парақтарын қамтитын аралас əдістер дизайны (mixed-methods design) қолданылды. Зерттеуге 7 интервенциялық жəне 31 салыстырмалы топ мұғалімдері қатысты. Нəтижелер көрсеткендей, күш-жігер мен еңбекті бағалайтын мақсатты кері байланыс оқушылардың ішкі мотивациясын арттырып, қателіктерді даму мүмкіндігі ретінде қабылдауға жəне академиялық үлгерімді жақсартуға ықпал етті. Сонымен қатар, Lesson Study циклі мұғалімдердің ойлау жүйесін өзгертіп, олардың өз мүмкіндіктеріне деген сенімін, эмпатиясы мен эмоционалды сезімталдығын айтарлықтай арттырды. Сыныптарда психологиялық тұрғыдан қауіпсіз жəне қолдаушы орта қалыптасты. Өсуге бағытталған ойлау жүйесі бірлескен рефлексиямен ұштасқанда, оқушы оқуға деген ынтасын арттырып қана қоймай, мұғалімнің кəсіби болмысы мен сынып мəдениетін түбегейлі өзгертудің қуатты құралы бола алады деген тұжырым жасалды.
Түйін сөздер
- lesson study
- оқу үлгерімі
- кері байланыс
- шектеулі ойлау жүйесі
- өсуге бағытталған ойлау жүйесі
- эмпатия.