ОҚУШЫЛАРДЫ САНДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ
Аңдатпа
«Цифрлық гигиена» курсының оқыту тапсырмаларының кешені кең практикалық мәнге ие және оқушылардың әртүрлі ақпараттық қатерлерді жедел анықтау дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасауды көздейді. Оқушылардың сандық қауіпсіздігі мәселесінде ата-аналардың ақпараттық құзыреттілігі маңызды болып табылады. Олармен де түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Көбінесе аға буын жастардың цифрлық ортаға тартылу дәрежесін жете бағаламайды және киберқылмысшылар тарапынан оқушыларға манипуляциялық ықпал ету тәсілдерінің әртүрлілігі туралы ақпаратты білмейді.
Түйін сөздер
- Цифрлық қауіпсіздік
- ақпараттық сауаттылық
- кибербуллинг
- интернетке тәуелділік
- ата-аналардың құзыреттілігі
- сын тұрғысынан ойлау
- әлеуметтік желілер
- деректерді қорғау
- цифрлық гигиена