КОЛЛЕДЖ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ТӘЛІМГЕРЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ
Аңдатпа
Бұл мақалада колледж жағдайында жас педагогтардың кәсіби бейімделуін қамтамасыз етудегі тәлімгерлік жүйесінің маңызы мен рөлі қарастырылған. Авторлар «Ұстаздыққа қадам» атты авторлық бағдарламаның құрылымы мен кезеңдерін сипаттай отырып, тәлімгерлік үдерістің педагогикалық ұжымдағы кәсіби мәдениетті арттыруға, жас мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге және білім беру сапасын көтеруге ықпал ететіндігін дәлелдейді.Негізгі мәселе: колледжге жаңадан келген жас мамандардың кәсіби бейімделуінің жеткіліксіздігі, тәжірибелі ұстаздардың әдістемелік қолдауының жүйесіздігі және кадр тұрақсыздығының артуы.Жұмыстың мақсаты: тәлімгерлік жүйесін енгізу арқылы жас педагогтардың кәсіби бейімделуін қолдау, педагогикалық құзыреттілігін арттыру және ұжымдық мәдениетті дамыту.Зерттеу әдістері: колледждің кадр құрамына талдау, сауалнама, әңгімелесу, тәлімгерлік кеңес жұмысының нәтижелерін бақылау және педагогикалық тәжірибе талдауы қолданылған.Негізгі нәтижелер және олардың маңыздылығы: «Ұстаздыққа қадам» бағдарламасы аясында жас мамандардың кәсіби бейімделу деңгейі мен әдістемелік шеберлігі артқан, тәлімгерлік жүйесі арқылы ұжым ішіндегі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу нығайған, жас мамандардың педагогикалық рефлексия, креативтілік және өзін-өзі дамыту дағдылары қалыптасқан.Қорытынды: ұсынылған тәлімгерлік жүйесін колледж жағдайында жас мамандардың кәсіби бейімделуін жетілдірудің тиімді моделі ретінде пайдалануға болады. Бағдарлама нәтижелері жас педагогтардың кәсіби өсуіне, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға және білім беру ұйымының кадрлық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Түйін сөздер
- тәлімгерлі
- жас педагог
- кәсіби бейімделу
- педагогикалық тәжірибе
- колледж
- кәсіби даму
- рефлексия
- инновациялық әдістер