Өрлеу

ҚОС ТІЛДІ ОРТАДА ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: БАЯН-ӨЛГЕЙ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ПРАКТИКАСЫ

  • Н. МұратқызыХ.Хызырхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің
  • Галия Жусупова Г.С.«Өрлеу» БАҰО АҚ филилаы Қостанай кәсіби даму институт

Аңдатпа

Бұл мақалада қос тілді білім беру жағдайында оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мәселесі Баян-Өлгей аймағындағы қазақ мектептерінің тәжірибесі негізінде қарастырылады. Моңғолиядағы қазақ мектептері оқыту тілі қазақ тілінде болғанымен, қоғамдық-әлеуметтік және ресми кеңістікте моңғол тілінің басымдығы оқушылардың оқу әрекетіне тікелей ықпал етеді. Зерттеудің мақсаты – қос тілді ортада білім алатын оқушылардың оқу сауаттылығына тән ерекшеліктерді, негізгі қиындықтарды анықтау және мұғалім тәжірибесінде тиімді болып отырған әдіс-тәсілдерді сипаттау. Зерттеу барысында бақылау, мәтінмен жұмыс тапсырмаларын талдау, салыстырмалы әдіс қолданылды. Зерттеу нәтижесі оқушыларда аудармалық ойдың басымдығы, терминологиялық және лексикалық қиындықтар, астарлы мағынаны түсінудің әлсіздігі жиі кездесетінін көрсетеді. Соынмен бірге оқу стратегияларын мақсатты және жүйелі қолдануға мәтінді терең түсінуге және оқу сауаттылығын арттыруға оң әсер ететіні дәлелденді. Мақала қорытындылары қос тілді орта жағдайында оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған әдістемелік жұмысты жетілдіруге практикалық негіз бола алады.

Түйін сөздер

  • оқу сауаттылығы
  • қос тілді білім беру
  • оқу стратегиялары
  • мәтінмен жұмыс
  • әдіс-тәсілдер

Мақала мәтіні

PDF ашу