Балалардың әлеуметтік-эмоционалдық интеллектін қалыптастыру: ойыннан түсінуге дейін

Бұл құрал педагог-психологтерге, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласындағы, сондай-ақ цифрлық сауаттылық бойынша жұмыс істейтін педагог мамандарға арналған.
«Балалардың әлеуметтік-эмоционалдық интеллектін қалыптастыру: ойыннан түсінуге дейін» атты әдістемелік көмекші құралда білім беру саласының мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш білім беру және цифрлық сауаттылық пәндері бойынша педагогикалық практикаларды біріктіретін пәнаралық тәсіл арқылы білім алушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дамуына назар аударылады.