Институт туралы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
Тарих
1973 жыл
1973 жылы Маңғышлақ облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты болып құрылды
1988 жыл
1988 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысының таратылуына байланысты облыстық мұғалімдердің білім жетілдіру институты да жабылып, Шевченко қалалық білім жетілдіру орталығы болып құрылды
2006 жыл
2006 жылдан бастап мекеме Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты деп аталды
2006 жыл
2006 жылдың қыркүйек айында институт жанынан «Ұстаздар үйі» ашылды
2007 жыл
2007 жылдан бастап И.Т Джумагалиева., В.И. Токаревалардың авторлығымен дайындалған «Нәтижеге бағытталған мектеп: тұлға құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың ролін арттыру» тақырындағы ғылыми-зерттеу жобасы жұмыс жасады
2008 жылдары
2008 жылы «Нәтижеге бағытталған мектеп: тұлға құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың ролін арттыру» жобасы бойынша облыстық білім басқармасының 02.04.2008 ж. № 85 н/қ «Нәтижеге бағытталған мектеп» инновациялық педагогикалық технологияны енгізу туралы бұйрығы негізінде жаңа технологияны облыс мектептеріне жүйелі енгізу мақсатында 17 мектеп эксперимент алаңына енгізілді.
2012 жыл
2012 жылдың қазан айында облыстық біліктілік арттыру институты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 17 ақпанындағы 232 қаулысына сәйкес республикадағы 17 біліктілік арттыру институтын біріктіретін «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып құрылды
Институт құрылымы

Біздің оқытушылар

Мамутова Гулдарига Туремуратовна
Кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі
gmamutova@orleu-edu.kz



Филиал директоры

Тлеуов Кайрат Кипчакбаевич Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры

ЖЫР ЖҮЙРІГІ – ҚАШАҒАН
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесе «Жыр жүйрігі – Қашаған» тақырыбында облыстық оқырмандар конференциясы өтті.

Маңғыстауда «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы курс аяқталды
«Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетіп, тыңдаушы педагогтерге сертификаттар табысталды.

«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ»: АЛҒАШҚЫ КІТАП ОҚУ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру және ұлттың рухани дамуына серпін беру жөніндегі бастамалары аясында қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасы жалғасын табуда.

МАҢҒЫСТАУДА «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТУДЕ
Маңғыстау облысында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы аясында педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылуда.

Үздіксіз кәсіби даму: халықаралық тәжірибені педагог қызметіне интеграциялау
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институтында AELLCA (Accelerating English Language Learning in Central Asia) – «Орталық Азияда ағылшын тілін жеделдетіп оқыту» жобасы аясындағы каскадты оқыту жалғасуда.

Президент Жолдауы – білім беру саласын дамытудың маңызды бағдары
Бүгін «Өрлеу» Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тікелей трансляциясын тыңдады.

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНЕ – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының аға оқытушысы Сахарбаева Марал Адилкеревна білім беру саласындағы жемісті еңбегі, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға қосқан үлесі, жоғары кәсібилігі мен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ақтауда «CaseLab: Үздік тәжірибелер алаңы» республикалық іскерлік форумы аясында «Fashion Skills Hub: Дәстүрді жалға, сәнді жаса!» көрмелік-практикалық алаңы ұйымдастырылды.
21 қазанда Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласындағы өңірлік білім беру-өндірістік кластерінің ашылу рәсімі өтті. Осыған орай «CaseLab: Үздік тәжірибелер алаңы» республикалық іскерлік форумы аясында «Fashion Skills Hub: Дәстүрді жалға, сәнді жаса!» көрмелік-практикалық алаңы ұйымдастырылды. Алаңда BabySkills, Abilympics және DalaSkills бағыттары бойынша қатысушылар тігін өнері, киім дизайны және ұлттық қолөнер саласындағы қабілеттерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.

Ақтауда «CaseLab: Үздік тәжірибелер алаңы» республикалық іскерлік форумы басталды
Форумға филиалдың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы Балуза Қошқарбайқызы қатысты.

МАҢҒЫСТАУДА BILIM & SCIENCE СТУДЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17 қазанда Ақтау қаласында Қазақстанда баламасы жоқ жаңа форматтағы Bilim & Science студенттік зерттеу орталығының ашылу салтанаты өтті.

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМ – БҮГІНГІ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫН БОЛУЫ КЕРЕК!
«Өрлеу» Маңғыстау филиалында Ш. Есенов университетінің аға оқытушысы Мбато Олвел Омали қонақта болды

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА БОЙЫНША АТТЕСТАТТАУ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру және аттестаттау талаптарын түсіндіру мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Маңғыстауда "Қаржылық сауаттылық негіздері" курсының кезекті легі аяқталды
Қаржылық сауат — табысты өмірдің кілті!

Қаржылық сауаттылық негіздері
Қаржылық сауаттылық негіздері курсы аясында білім алушыларға цифрлық активтер туралы маңызды ақпараттар ұсынылып, заманауи қаржы құралдарының ерекшеліктері талқыланды.

Мұғалімнің кітап сөресі
Бүгін педагогтерге арналған «Мұғалімнің кітап сөресі» кітап оқу клубының кезекті кездесуінде Марғұлан Сейсембайдың «Миссия выполнима» кітабы талқыланды. Кездесу барысында кітаптағы маңызды ойлар негізінде педагогтер өз өміріне, мақсатына және күнделікті әрекеттеріне жаңаша көзқараспен қарады.

Тағылымды кездесу
Өмірзақ Озғанбайұлы – Маңғыстау өңірінің тумасы, еліміздің қоғамдық-саяси, ғылыми және білім беру салаларының дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті тұлға. Ол – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық педагогикалық білім беру, Қазақстан және Ресей педагогикалық академияларының академигі, педагогика ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы мен «Mugalim development scholarship group» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мемлекеттік тіл - болашаққа бағдар
Достық үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашаққа бағдар» тақырыбында тағылымды іс-шара өтті.

«Әдеби Quiz» зияткерлік сайысы
«Келешек мектептері» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық «Әдеби Quiz» зияткерлік сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды

DATA + AI: БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ
Бүгін «AIS» халықаралық мектебінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті Білім басқармасының ұйымдастыруымен ІІІ республикалық әдіскерлер форумы ресми түрде ашылды.
Филиалдың байланыстары
Мекенжай
г. Актау, 17 микрорайон, здание 48
