Сахарбаева М.А.; Кеңесқызы А.; Ауелбаева А.Ж.; Бегжанова С.М.; Туркменбаева Ә.Б. «Бастауыш сынып пәндері бойынша функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар жинағы»: Бастауыш сынып білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған әдістемелік құрал. — Ақтау, 2026. -44 б.

Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып
мұғалімдеріне, әдіскерлерге арналған. Жинақтағы тапсырмалар 4-сынып оқушыларымен
жұмыс жүргізуде қолдануға ұсынылады
«Бастауыш сынып пәндері бойынша функционалдық сауаттылыққа арналған
тапсырмалар жинағы» атты әдістемелік құрал бастауыш сынып оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Жинаққа енгізілген тапсырмалар
оқушылардың оқу барысында меңгерген білімдерін күнделікті өмірлік жағдаяттарда
тиімді қолдануына, сыни және логикалық ойлауын дамытуға, ақпаратты талдау,
салыстыру, қорытынды жасау, мәселені шешу және зерттеушілік дағдыларын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тапсырмалар оқушылардың оқу, математикалық,
қаржылық, экологиялық, цифрлық және жаратылыстану бағытындағы функционалдық
сауаттылықтарын кешенді дамытуға негізделген.