Өрлеу

5–16 қазан аралығында бюджет қаражаты есебінен өткізілген кезекті екі апталық біліктілікті арттыру курстары аяқталды

5–16 қазан аралығында бюджет қаражаты есебінен өткізілген кезекті екі апталық біліктілікті арттыру курстары аяқталды
Педагогтер «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асырудың жаңа тәсілдері: мақсаттан күтілетін нәтижелерге дейін» тақырыбында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Математика» пәндері бойынша білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар курс бағдарламасына «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру және кәсіби бағдар беру жұмысы сияқты өзекті бағыттар енгізілді.

Оқыту барысында аға оқытушылар мен тыңдаушылар теория мен практиканы ұштастырып, тәжірибе алмасты. Нәтижесінде 115 сертификат табысталды.

Курстан кейінгі сүйемелдеу педагогтерге алған білімдерін бекітуге, жаңа тәсілдерді білім беру үдерісіне енгізуге және кәсіби міндеттерді шешу барысында әдістемелік қолдау алуға мүмкіндік береді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

5–16 қазан аралығында бюджет қаражаты есебінен өткізілген кезекті екі апталық біліктілікті арттыру курстары аяқталды — Өрлеу