Педагогтерді аттестациядан өткізудің пилоттық жобасы: Негізгі алгоритмдер мен талаптар

Бүгінгі таңда білім беру саласындағы маңызды бағыттардың бірі – педагогтерді аттестациялаудың пилоттық жобасын жүзеге асыру және кәсіби біліктілікті арттыру мәселелеріне арналған маңызды жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында жаңа форматтағы аттестацияның ерекшеліктері, жүйелік талаптар мен бұл үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету жолдары жан-жақты талқыланды.
Пилоттық жобаның негізгі бағыттары мен талаптары:
Ашықтық пен әділдік: Аттестация үдерісін цифрландыру және бюрократиялық кедергілерді азайту арқылы мұғалімдердің кәсіби жетістіктерін шынайы бағалау.
Кәсіби құзыреттілікті арттыру: Педагогтердің пәндік білімі мен әдістемелік шеберлігін заманауи талаптарға сай жетілдіру.
Жүйелік алгоритмдер: Жобаға қатысушылардың тіркелуінен бастап, нәтиже шығаруға дейінгі кезеңдердің бірізділігі мен түсінікті болуы.
Басқа жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ САНА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Кездесудің басты мақсаты – жас мамандардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және рухани сабақтастықтың маңызын терең түсіндіру.

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ
Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейде педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына арналған қалалық семинар өтті. Кездесу барысында аттестаттаудың жаңа форматы, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, «Ұстаз» платформасын пайдалану және озық педагогикалық тәжірибені тарату мәселелері талқыланды.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ
«Ұлттық құндылық – ұлттың тірегі» тақырыбындағы мини-дәріс Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалында ұйымдастырылды.