Өрлеу

ҰЛТТЫҚ САНА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

ҰЛТТЫҚ САНА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Ұлттық сана – ұлттың рухани өзегі, ал ортақ құндылықтар – қоғамды біріктіретін мызғымас тұғыр. Өткеннен өнеге алып, бүгінді бағалай білген ұрпақ қана болашаққа нық қадам басады.

Осы идеяларды арқау еткен «Ұлттық сана. Ортақ құндылық. Жарқын болашақ» тақырыбындағы іс-шара филиалдың аға оқытушысы Гүлана Жапакованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Кездесудің басты мақсаты – жас мамандардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және рухани сабақтастықтың маңызын терең түсіндіру.

Іс-шараға қатысқан жас мамандар ұлттық болмысты сақтау, салт-дәстүрді дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру және ортақ құндылықтарды күнделікті өмірде ұстану жөнінде ой бөлісті. Олар ұлттық сана тек тарихи мұраны танумен шектелмейтінін, оның әр адамның іс-әрекетінен, таңдауы мен қоғам алдындағы жауапкершілігінен көрініс табатынын атап өтті.

Өйткені жарқын болашақ – бүгінгі саналы ұрпақтың қолында. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тарихын құрметтейтін, жаңашылдыққа ашық жас маман – қоғам дамуына үлес қосатын тұлға.

Осындай тағылымды кездесулер жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып қана қоймай, ұлттық рух пен заманауи көзқарасты үйлестіре білудің маңызын айқындайды.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар