ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ

Ұлттың болмысы – оның бойындағы құндылықтарында, ұрпаққа
аманат еткен өнегесінде, жүректен жүрекке жалғасқан рухани мұрасында.
Осы ұстанымды арқау еткен «Ұлттық құндылық – ұлттың тірегі»
тақырыбындағы мини-дәріс Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалында
ұйымдастырылды.
Іс-шараның мини-дәріс форматында өтуі қатысушыларға ұлттық
құндылықтардың мәнін тереңірек пайымдап, олардың бүгінгі қоғамдағы орнын
зерделеуге мүмкіндік берді. Дәріс барысында ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, ана
тілі, үлкенге құрмет, кішіге ізет және ұрпақтар сабақтастығы сынды ұлт
руханиятының өзегіне айналған ұғымдарға назар аударылды.
Ұлттық құндылық – өткеннің естелігі ғана емес, болашақтың
бағдары. Ол ұрпақтың бойына елжандылықты сіңіріп, ұлттық сана мен азаматтық
жауапкершілікті қалыптастырады. Әсіресе, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін
педагогтер үшін ұлттық мұраны дәріптеу – кәсіби міндет қана емес, ел болашағына
қосылған маңызды үлес.
Осындай тағылымды кездесулер ұлттық құндылықтарды күнделікті
өмірде дәріптеудің, рухани сабақтастықты нығайтудың және ортақ мәдени мұраға
деген құрметті арттырудың маңызын айқындайды.
Өйткені тамыры терең ұлттың тұғыры биік, ал құндылығын
сақтаған елдің келешегі кемел.
Басқа жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ САНА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Кездесудің басты мақсаты – жас мамандардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және рухани сабақтастықтың маңызын терең түсіндіру.

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ
Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейде педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына арналған қалалық семинар өтті. Кездесу барысында аттестаттаудың жаңа форматы, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, «Ұстаз» платформасын пайдалану және озық педагогикалық тәжірибені тарату мәселелері талқыланды.

Педагогтерді аттестациядан өткізудің пилоттық жобасы: Негізгі алгоритмдер мен талаптар
Пилоттық жобаны ұйымдастыру мен іске асырудағы жүйелі жұмыстың мазмұны мен күтілетін нәтижесі талданды.