Өрлеу

Аттестаттау: ашық диалог

Аттестаттау: ашық диалог

«Өрлеу» БАҰО Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов өңірлік филиал басшылары мен белсенді педагогтерді бір алаңға жинап, аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты ауқымды жиын өткізді.

Кездесуге еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық педагог қатысып, аттестаттауға қатысты өзекті мәселелерді тікелей талқылауға мүмкіндік алды.

Басты мақсат — өңірлердегі нақты ахуалды білу, педагогтерді толғандырған мәселелерді тікелей тыңдау және оларға дер кезінде қолдау көрсету.

Ғалымжан Алматов филиал басшыларына аттестаттау кезеңінде педагогтермен тұрақты байланыста болып, ақпараттық және әдістемелік сүйемелдеуді күшейтуді тапсырды.

Кездесуде белсенді педагогтер өңірлердегі әріптестерінің сауалдары мен ұсыныстарын ортаға салды. Ал филиал басшыларына сол мәселелер бойынша жедел кері байланыс орнатып, педагогке барынша қолдау көрсету міндеті қойылды.

Ғалымжан Алматовтың бастамасымен орталық аппарат, өңірлік филиалдар және белсенді педагогтер арасындағы тұрақты байланыс күшейтіледі.

Негізгі ұстаным — педагогке жақын болу, сұрағына нақты жауап беру және аттестаттау кезеңінде жан-жақты қолдау жасау.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Аттестаттау: ашық диалог — Өрлеу