Білім беру ұйымдарының 22 педагогіне арналған «Қаржылық сауаттылық» тақырыбындағы кезекті 5 күндік оқу курсы аяқталды

Алынған білім педагогтерге білім алушылардың қаржылық сауаттылығының негіздерін қалыптастыруға және қазіргі экономикалық жағдайларда сенімді бағдарлануға мүмкіндік береді.
Курс тыңдаушылары оқу барысында нақты құралдарды меңгергендерін атап өтті: жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау, кірістер мен шығыстарды талдау, кредиттеу мен жинақтаудың негіздері, сондай-ақ қаржылық алаяқтықтан қорғану тәсілдері. Білім алушылармен тікелей жұмыс барысында бейімдеп қолдануға болатын практикалық тапсырмалар мен кейстердің маңызы ерекше.
Курсты сәтті аяқтаған барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
Басқа жаңалықтар

Облыстық телеарнасына сұхбат
«Өрлеу» Ақмола облыстық филиалының аға оқытушысы Гульдана Сагындыкова «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық телеарнаға сұхбат берді.

Психологиялық кеңес беру: алгоритм, техникалар және практикалық жағдайларды талдау
Психологтар мен педагог-психологтарға арналған семинар өтті. Спикер: Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы, Жарқайың ауданы Державин қаласынан Аслан Манатов.

Педагогтерді аттестациядан өткізудің пилоттық жобасы: Негізгі алгоритмдер мен талаптар
Пилоттық жобаны ұйымдастыру мен іске асырудағы жүйелі жұмыстың мазмұны мен күтілетін нәтижесі талданды.