Өрлеу

BOOKCROSSING: БІР КІТАП – МЫҢ МҮМКІНДІК

 BOOKCROSSING: БІР КІТАП – МЫҢ МҮМКІНДІК
«Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық бастамасын қолдау, қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және әдебиетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында BookCrossing (кітап алмасу) бұрышының ашылу рәсімі өтті.

Аталған бастама Мемлекет басшысы көтерген «Кітап оқитын ұлт» жобасының негізгі идеяларымен үндеседі. Жобаның басты мақсаты  кітап оқуды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру, оқырмандар санын арттыру және өскелең ұрпақтың бойында тұрақты оқу дағдысын қалыптастыру. Осы бағытта институт педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырумен қатар, олардың тұлғалық дамуына, рухани баюына және өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін қолайлы орта қалыптастыруға ерекше мән береді.

BookCrossing – оқылған кітапты басқа оқырманға ұсыну, кітапты ортақ пайдалануға беру және оның жаңа оқырмандарын табуына мүмкіндік жасауға негізделген халықаралық кітап алмасу қозғалысы. Бұл бастама кітапты жеке адамның кітап сөресінде сақтап қоюмен шектелмей, оның мазмұны мен құндылығын өзгелермен бөлісуге бағытталған.

Ашылу іс-шарасы аясында педагогтер арасында әдеби талқылау ұйымдастырылып, «Ұшқан ұя», «Қарғын» және «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітаптары талқылау тақырыбына айналды. Аталған шығармаларды оқып шыққан ұстаздар кітаптардың мазмұны, негізгі идеялары, кейіпкерлер бейнесі мен көтерілген мәселелер туралы өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар шығармалардан алған әсерлерімен бөлісіп, әр туындының оқырманға беретін тағылымы мен өмірлік мәніне тоқталды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар