Өрлеу

STEAM МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

STEAM МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Инклюзивті білім беру жағдайында әр баланың мүмкіндігі мен қажеттілігін ескеретін тиімді оқыту ортасын қалыптастыру – бүгінгі білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі. Бұл бағытта STEAM тәсілі мен жасанды интеллект технологияларын ұштастыру оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен өткен «Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Ақтөбе облысының педагогтері кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізу бағытындағы ізденістерін таныстырды.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының аға оқытушысы Жангүл Жубаева бастауыш сыныпта STEAM және жасанды интеллект технологияларын жүйелі енгізу тәжірибесіне тоқталса, ЖОББ «Smart Bilim» мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жумагүл Майманқызы Ауданбаева өз педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, аталған тәсілдердің бастауыш білім берудегі қолдану мүмкіндіктерін ұсынды.
Конференция аясында инклюзивті және арнайы білім беруде заманауи технологияларды қолданудың өзекті мәселелері, мектептердің ерекшеліктері мен қолда бар ресурстарын ескере отырып, STEAM тәсілі мен жасанды интеллект құралдарын тиімді, қолжетімді әрі қауіпсіз енгізу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, ұсынылған тәжірибелерді білім беру ұйымдарының күнделікті жұмысына бейімдеу, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту және әрбір білім алушыға қолайлы оқу ортасын қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар