Жекеменшік мектептер – серіктестік желісі: Инклюзия, STEAM және Жасанды интеллект»

«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облыстық Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Cambridge Line Taraz» мектебінде «Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның №5 секциялық мәжілісі өтті.
Конференцияның пленарлық отырысы білім берудің жаңа заман талаптары мен стратегиялық бағыттарын талқылаудан басталды. Жиынның алғысөзін «Өрлеу» БАҰО АҚ Басқарма төрағасының стратегиялық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Мейірқұлова Аида Бакытбекқызы ашып, шараның маңыздылығына тоқталды.
Пленарлық бөлімде отандық және шетелдік жетекші сарапшылар өзекті баяндамалар жасады:
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері Шүйіншина Шолпан «Индустрия 5.0 дәуіріндегі білім беру мазмұны: жаңа талаптар мен даму бағыттары» тақырыбында баяндама жасап, жаңа дәуірдегі білім берудің басымдықтарын атап өтті.
Google for Education бағытының Орталық Азия бойынша жетекшісі Али Нурбеков («STEM Solutions» ЖШС) білім беру мекемелеріндегі Google-дің қауіпсіз жасанды интеллектісі: құпиялылық, дәлдік пен қолжетімділік теңгерімі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.

Басқа жаңалықтар

«Шағын жинақты мектеп – біртұтас команда, тең мүмкіндік»
«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» атты халықаралық конференцияның №2 секциясы Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясында өтті.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған айтулы шарада бас қосып, «Өрлеумен» бірге жаңа кәсіби белестерді бағындырыңыз!

«Үздік қала мектептерінің ерекшеліктері: Инклюзия, STEAM және Жасанды интеллект»
«Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облыстық Кәсіби даму институты ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) балалардың білім сапасын арттыруға арналған маңызды секциялық мәжіліс өткізді.