Өрлеу

БІЛІМ МЕН БІЛІКТІЛІККЕ БАСТАР ЖАҢА БЕЛЕС

БІЛІМ МЕН БІЛІКТІЛІККЕ БАСТАР ЖАҢА БЕЛЕС
1 қыркүйек – Білім күні. Бүгінде еліміздегі барлық білім ордасы оқушылар мен білім алушыларға есігін айқара ашты. Бұл барша жанның көңілін толқытқан ерекше сәт деп білеміз. Барлық мектептерде жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты шаралар ұйымдастырылып, алғашқы қоңырау соғылды.
Осы орайда, «Ақтөбе-Өрлеу» филиалының қызметкерлері қаламызда орналасқан мектептерге барып, салтанатты жиында мектеп ұстаздарын, оқушыларды және ата-аналарды білім күнімен құттықтап, ұстаздардың алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс және сәттілік тіледі.
Құрметті әріптестер, мерекелеріңіз құтты болсын! Әр оқу күні жемісті, қуанышты және қызықты өтсін. Алтын күздің арайымен басталатын бұл күн оқу жылын қуанышты оқиғаларға толтырып, серпін беріп, жаңа батыл жобалардың бастамасы болсын! Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

БІЛІМ МЕН БІЛІКТІЛІККЕ БАСТАР ЖАҢА БЕЛЕС — Өрлеу