Өрлеу

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім жүйесін дамытуға, педагогтердің мәртебесін арттыруға және өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Тағы бір маңызды міндет білім беру саласын жан-жақты дамыту» екенін атап өтеді. 

Осы міндеттерді жүзеге асыруда ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының атқарып отырған жұмысы ерекше мәнге ие. Сала басшылығының қолдауы педагогтердің кәсіби дамуына, білім беру мазмұнын жетілдіруге және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға жол ашады. 

Өрлеу» БАҰО Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының  жетекші маманы Алтынай Ақбалашқызы Шалабаева ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

«Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтының қызметкері ретінде мен үшін ең маңыздысы педагогтердің жаңа білімді меңгеріп, оны өз тәжірибесінде тиімді қолдануы және кәсіби тұрғыдан дамуы. Ұстаздардың жетістігі мен шәкірттерінің сапалы білім алуы сол еңбектің нақты нәтижесі. Маған көрсетілген сенім мен берілген марапат үшін басшылыққа, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына шынайы алғысымды білдіремін. Әрдайым қолдау көрсетіп, ортақ мақсат жолында бірге еңбек етіп жүрген әріптестеріме де ризашылығымды айтамын», - дейді Алтынай Ақбалашқызы.

Бұл марапат  атқарылған жұмыстың бағасы ғана емес, алдағы уақытта да білім беру саласының дамуына үлес қосуға жігер беретін үлкен жауапкершілік. Еліміздің білім сапасын арттыру жолындағы еңбек жемісті болып, әрбір бастама оң нәтижесін берсін!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ — Өрлеу