Өрлеу

БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРАТЫН ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРАТЫН ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Балаға қызықты орта қалыптастыру, оның белсенділігін арттыру және күнделікті әрекеттерін таным мен дамудың мүмкіндігіне айналдыру – заманауи педагогтің маңызды міндеттерінің бірі.
Осы бағытта филиалдың аға оқытушысы Жангүл Жубаеваның жетекшілігімен №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасында «Балабақшадағы тиімді педагогикалық тәсілдер: баланың қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.
Вебинар барысында педагогтер мектепке дейінгі жастағы балалардың қызығушылығын оятуға бағытталған тиімді педагогикалық тәсілдерді талқылап, оларды тәжірибеде қолдану жолдарымен танысты.
Тәжірибе алмасу, пікірталас және жаңа идеялар тоғысқан кездесу педагогтердің кәсіби қоржынын тың әдістермен толықтыруға мүмкіндік берді.
Өйткені қызығушылық бар жерде – белсенділік бар. Ал белсенділік бар жерде – даму бар! ✨

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРАТЫН ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР — Өрлеу