Өрлеу

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Білім алушылардың soft skills дағдыларын қалыптастыру: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудың тиімді тәсілдері» тақырыбындағы басқосу педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына және заманауи оқыту әдістерін талқылауына мүмкіндік берген маңызды әдістемелік алаңға айналды.
Іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту арқылы оқушылардың эмоциялық интеллектісін, сыни ойлауын және коммуникативтік дағдыларын дамытудың тиімді жолдары қарастырылды.
Атап айтқанда, әдеби шығармаларды талдау арқылы сыни ойлауды қалыптастыру, проблемалық сұрақтар мен ситуациялық тапсырмалар көмегімен оқушылардың еркін сөйлеу және өз ойын дәлелді жеткізу қабілетін дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар сабақта цифрлық ресурстарды, графикалық органайзерлерді және интерактивті әдістерді тиімді қолдану тәжірибелері ұсынылды.
Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру мазмұнын байытуға бағытталған әдістемелік идеяларымен бөлісті. Кездесу барысында мазмұнды пікір алмасу мен кәсіби талқылауға негізделген орта қалыптасты.
Аталған іс-шара педагогтердің кәсіби қоғамдастығын нығайтып, білім алушылардың XXI ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталған жаңа әдістемелік тәсілдерді зерделеуге мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар