Өрлеу

«ӨРЛЕУ» ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫН АЯҚТАДЫ

«ӨРЛЕУ» ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫН АЯҚТАДЫ
2026 жылдың 19–30 қазан аралығында педагогтердің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіру және заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерту мақсатында мемлекеттік тапсырыс аясындағы педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстары өз жұмысын аяқтады.
Бұл жолы тыңдаушылар арнайы бағдарламалар аясында білімін жетілдірді:
«Сыныпты басқарудың тиімді стратегияларын қолдана отырып, ағылшын тілін оқытудың жағымды және нәтижелі ортасын құру»
«Білім берудегі ЖИ - модельдері»
🎯 Жылдық қорытынды көрсеткіш:
Биылғы жылғы жоспар 100 пайызға орындалып, Жамбыл облысы бойынша жалпы 4509 тыңдаушы өз біліктілігін арттырды. Оның 50-і мектепке дейінгі тәрбие білім беру мекемелерінен болса, 4459-ы орта білім беру мекемелерінің тыңдаушылары.
Өңіріміздегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба берсін!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ӨРЛЕУ» ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫН АЯҚТАДЫ — Өрлеу