Өрлеу

Қаржылық сауаттылық: білімнен – күнделікті дағдыға

Қаржылық сауаттылық: білімнен – күнделікті дағдыға
Қаржыны дұрыс басқару, қауіпсіз қаржылық шешім қабылдау, алаяқтықтан қорғана білу — бүгінгі күннің маңызды дағдылары.
7 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «Өрлеу» БАҰО» АҚ бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» біліктілікті арттыру курстары басталды.
Жыл соңына дейін еліміздің барлық өңірінен білім беру ұйымдарының басшылық құрамы мен математика пәні мұғалімдері қатарынан 3 430 педагогті оқыту жоспарланған. Оның ішінде қыркүйекте — 1 071, қазанда — 1 167, қарашада — 1 192 педагог білімін жетілдіреді.
Курс қаржыны тиімді басқару мен қаржылық құралдарды қауіпсіз пайдаланудан бастап, ықтимал тәуекелдер мен алаяқтық әрекеттерді ажырата білуге дейінгі практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.
Жобаның ерекшелігі — ҚР Ұлттық Банкі сарапшыларының барлық кезеңге тікелей қатысуы. Олар курс мазмұнын әзірлеуден бастап педагогтерді оқытуға және курстан кейінгі сүйемелдеуге дейін қолдау көрсетеді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келеді: 2025 жылдан бері мектептер мен колледждердің 9 378 педагогі аталған курс бойынша білімін жетілдірді.
Қаржылық сауаттылық — тек қаржыны басқару емес. Бұл — саналы таңдау, қауіпсіздік және дұрыс шешім қабылдау мәдениеті.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Қаржылық сауаттылық: білімнен – күнделікті дағдыға — Өрлеу