Өрлеу

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ ҚР Ұлттық Банкімен бірлескен білім алушылардың жеке қаржыға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыра алатын педагогтерді даярлауға бағытталған ауқымды білім беру жобасын жалғасуда.
Еске сала кетсек, жоба 2025 жылы бастау алды. Оның негізін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Сараптамалық кеңесінің міндетті сараптамасынан өткен «Қаржылық сауаттылық негіздері» заманауи білім беру бағдарламасы құрайды. Педагогтерге арналған ғылыми негізделген әрі тәжірибеге бағдарланған оқу-әдістемелік кешен әзірленді. Оның құрамына сабақ сценарийлері, кейстер, презентациялар, өзіндік жұмыс тапсырмалары және заманауи цифрлық білім беру ресурстары енгізілген.
Жоба каскадтық модель бойынша іске асырылады: оқудан өткен педагогтер алған білімдері мен дағдыларын өз шәкірттеріне жеткізеді. Мұндай тәсіл мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, өскелең ұрпақтың жеке қаржыны тиімді басқару, заманауи қаржы құралдарын қауіпсіз пайдалану және саналы қаржылық шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Аталмыш тақырыптағы курс жыл соңына дейін жалғасып, жалпы аймақтағы 128 математика пәні педагогтері, білім беру ұйым басшылары мен орынбасарлары өз білімін жетілдіреді. Бұл бастама – қаржылық мәдениетті білім беру жүйесіне жүйелі түрде енгізіп, болашақта оқушылардың да қаржыны сауатты әрі тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз! 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар