Өрлеу

«ҰСТАЗ» ҰЛТТЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«ҰСТАЗ» ҰЛТТЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Ақтөбе облысында педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына бағытталған «Ұстаз» ұлттық платформасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Кездесулер барысында педагогтерді аттестаттаудан өткізудің пилоттық жобасына қатысты маңызды мәселелер түсіндірілді. Атап айтқанда, ұлттық платформа арқылы кәсіби дамуды ұйымдастыру, біліктілік санатын арттыру мүмкіндіктері, аттестаттауға қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі және платформаның функционалдық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар педагогтерді толғандырған сұрақтарға жауап беріліп, жаңа жүйенің ерекшеліктері мен оның кәсіби дамуға ықпалы жан-жақты түсіндірілді.
«Ұстаз» ұлттық платформасы – педагогтің кәсіби дамуын жүйелеуге, біліктілік санатын арттыруға және аттестаттау үдерісіне қатысты мүмкіндіктерді бір цифрлық кеңістікте пайдалануға жол ашатын маңызды құрал.
Платформаның мүмкіндіктерін дұрыс түсіну – жаңа жүйеге бейімделудің ғана емес, кәсіби даму траекториясын саналы түрде жоспарлаудың да маңызды қадамы.
Бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
«Ақтөбе-Өрлеу» – педагогтің кәсіби даму жолындағы сенімді қолдау алаңы!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар