Өрлеу

Инклюзивті білім беру: оқудағы қиындықтарды түсінуден бастап, тиімді педагогикалық қолдауға дейін

Инклюзивті білім беру: оқудағы қиындықтарды түсінуден бастап, тиімді педагогикалық қолдауға дейін

            2026 жылдың 16 қазанында «Өрлеу» АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығының  Астана қаласы және Жамбыл облысы филиалдарының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары және бастауыш сынып оқушыларының оқудағы қиындықтарының ерекшелігі» тақырыбында бірлескен вебинар өтті.

            İс-шараға Астана қаласының бастауыш сынып мұғалімдері, «Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер: оқудағы қиындықтарды еңсеру» біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары қатысты.

            Вебинар педагогтердің инклюзивті білім беру қағидаларын іске асыру, бастауыш сынып оқушыларының оқудағы қиындықтарының ерекшеліктерін анықтау және ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар білім алушыларға тиімді педагогикалық қолдау әдістерін қолдану мәселелері бойынша кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталды.

            Вебинар модераторы Кәсіби даму институтының Астана қаласы бойынша филиалы Қоғамдық-гуманитарлық бағыт кафедрасының аға оқытушысы Тусупова Гульмайра Умирбековна спикерлерді таныстырып, тәжірибе алмасуға және инклюзивті практиканың өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған кәсіби диалогты ұйымдастырды.

            Вебинар барысында Алматы қаласының «№ 27 мектеп-гимназиясы» КММ педагог-психологі Новичкова Светлана Юрьевна инклюзивті білім берудің негізгі қағидаларын және бастауыш сынып оқушыларында, оқудағы қиындықтардың көріну ерекшеліктерін қарастырды. Баяндама педагогтердің оқу барысындағы кедергілерді уақтылы анықтау және тиісті қолдау стратегияларын таңдау қажеттілігі туралы білімдерін өзектендіруге мүмкіндік берді.

             КДИ Жамбыл облысы бойынша филиалы Қоғамдық-гуманитарлық бағыт кафедрасының аға оқытушысы Абилова Айгуль Булатовна өз сөзін ерекше білім беруді ететін білім алушыларға арналған педагогикалық араласулар пакетін қорғауға арналған дайындық мәселесіне арнады. Бағалау критерийлеріне, қолдау стратегияларын әзірлеуге, оқу материалдарын бейімдеуге және балалардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған (дифференциацияланған) тапсырмаларды қолдануға ерекше назар аударылды.

              Вебинардың практикалық бағыты инклюзивті білім берудің теориялық ережелерін, педагогикалық қызметтің нақты міндеттерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар педагогикалық араласулар пакетін одан әрі әзірлеу және оқуда қиындықтарға тап болатын бастауыш сынып оқушыларын сүйемелдеудің жеке практикасын жетілдіру үшін бағыт-бағдар алды.

              İс-шара «Кәсіби қадам» рефлексиясымен аяқталды. Оның барысында педагогтер оқудағы қиындықтарды түсінудегі өзгерістерді саралап, өз жұмысында қолдануға арналған дайын педагогикалық араласу тәсілдерін айқындай алды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Инклюзивті білім беру: оқудағы қиындықтарды түсінуден бастап, тиімді педагогикалық қолдауға дейін — Өрлеу