Өрлеу

Білім берудегі инновация: цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект

Білім берудегі инновация: цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект

12-23 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданында «Бастауыш сыныптарда дербестендірілген оқытуға арналған цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект» тақырыбында педагогтардың біліктілігін арттыру курсы өтіп жатыр. Курсты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға тренері Махфуза Мусаева жүргізуде.

Біліктілікті арттыру курсы барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруда цифрлық сауаттылықты дамыту, инновациялық әдістерді меңгеру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сонымен қатар әр оқушының жеке қабілеті мен оқу қажеттіліктеріне сәйкес дербестендірілген оқытуды ұйымдастыру мәселелері қарастырылуда.

Курс барысында «CHATGPT» «MINDMEISTER» платформаларын қолданып:

-Диагностикадан төмен нәтиже көрсеткен оқушылар санын анықтау

-Оқушылардың қиындық деңгейін саралау

-Дамуына қажетті дағды/білім түрін белгілеу

-Дәл сол оқушыларға арналған 1 аптаға жеке даму жоспарын құрастыру

-Жоспарды кесте түрінде рәсімдеу тапсырмаларын орындау арқылы кәсіби шеберліктерін шыңдауда. 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар