Өрлеу

ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САБАҚ МАЗМҰНЫНА КІРІКТІРУ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ІЗДЕНІСІ

ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САБАҚ МАЗМҰНЫНА КІРІКТІРУ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ІЗДЕНІСІ
Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының қабырғасында педагогтер «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын бастауыш сынып пәндерінің мазмұнына интеграциялау» тақырыбындағы курста кәсіби ізденіске кірісті.
Мұнда басты сұрақ — «Құндылықтарды сабаққа қалай енгіземіз?» ғана емес.
Оны бала қалай сезінеді?
Қалай түсінеді?
Қай сәтте оны өз әрекетіне айналдырады?
Сабақтағы бір тапсырма, мұғалімнің бір сөзі, дұрыс қойылған бір сұрақ — баланың бойындағы адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық пен құрметтің қалыптасуына бастау болуы мүмкін.
Сондықтан бұл курс — дайын тәсілдерді меңгеру ғана емес, әр сабақтың тәрбиелік әлеуетін қайта қарауға арналған кәсіби ізденіс алаңы. 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар