Өрлеу

Сарыағашта біліктілікті арттыру курстары өтуде

Сарыағашта біліктілікті арттыру курстары өтуде

12-23 қазан аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданында математика пәні мұғалімдеріне «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Математика»» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтуде. Курс жетекшісі – Айгерим Тәңірбергенова.

Курс барысында педагогтердің кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған жобалық, топтық, практикалық, зерттеу және проблемалық оқыту әдістері тиімді қолданылуда.

Мұғалімдер оқу мақсаттарын нақтылауды, сабақтың күтілетін нәтижелерін анықтауды, тапсырмаларды оқу мақсатына сәйкес құрастыруды және оқушының оқу жетістігін бағалаудың тиімді тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгеруде.

Педагогтер цифрлық (GeoGebra, Desmos, Canva, ChatGPT және т.б.) құралдардың, жасанды интеллекттің көмегімен оқу тапсырмаларын әзірлеу, оқушылардың белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және оқу нәтижелерін талдау жолдарымен танысты. Мұғалімдер білім алушылардың математикалық білімін күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануына мүмкіндік беретін PISA және TIMSS форматындағы тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау, мәселені шешу, ақпаратты талдау, математикалық модельдеу және өз шешімін негіздеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдістері, Блум таксономиясы және оқу мақсаттарын операционализациялауды қарастыруда.

Практикалық жұмыстар барысында педагогтер топтық талқылауларға, шеберлік тапсырмаларына, сабақ фрагменттерін әзірлеуге және өзара тәжірибе алмасуға белсенді қатысты. Әсіресе оқу мақсаты – оқу тапсырмасы – бағалау критерийі – күтілетін нәтиже арасындағы өзара байланысты дұрыс құруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Біліктілікті арттыру курсы математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, заманауи педагогикалық және цифрлық технологияларды тиімді қолдануына, оқу мақсаттарын нақты нәтижеге бағыттап жоспарлауына мүмкіндік береді. 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Сарыағашта біліктілікті арттыру курстары өтуде — Өрлеу