Өрлеу

«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Қаржылық сауаттылық -  тек қаржыны  басқару емес. Бұл саналы таңдау, қауіпсіздік және дұрыс шешім қабылдау. ҚР Ұлттық Банкі  Жамбыл филиалының  базасында   «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Бағдарламаның мақсаты: жеке қаржыны басқару саласында базалық білім беру, түрлі қаржы өнімдері мен қызметтерімен танысу, сондай-ақ қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажетті дағдыларды дамыту арқылы педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыру.

Курс барысында тыңдаушылар:

теориялық білім мен практикалық дағдыларды біріктіретін оқытудың кешенді тәсілін ұсынады.  

Ұлттық қаржы жүйесінің құрылымын, инфляцияның азаматтардың жеке қаржысына әсерін, несиелеу және зейнетақымен қамсыздандыру негіздерін қарастырады;

ақша түрлерін және олардың экономикадағы функцияларын, инвестициялау негіздерін және әртүрлі инвестициялық құралдарды зерттейді;

қаржылық алаяқтықтың түрлері мен белгілерін тануды үйренеді;

Курс қаржыны тиімді басқару мен қаржылық құралдарды қауіпсіз пайдаланудан бастап, қаржылық пирамидалардың тұзағына түспеу, ықтимал тәуекелдер мен алаяқтық әрекеттерді ажырата білуге дейінгі практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

 

 

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды. — Өрлеу