Өрлеу

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтының ұжымы мектеп педагогтерімен маңызды кездесу өткізді. Іс-шараға институт тренері Разбекова Зауре Кайыровна мен жетекші маман Светлана Иманғалиевна Омарханова қатысты.

Кездесу барысында спикерлер педагогтерді аттестаттаудан өткізудің жаңа пилоттық жобасының негізгі ерекшеліктері, талаптары мен рәсімдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар өтініш беру тәртібі, қажетті құжаттарды жүктеу және біліктілік санатын растау мәселелері түсіндірілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, педагогтер өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар алды. Сондай-ақ ұстаздардың кәсіби әлеуетін арттыру, біліктілігін жетілдіру және жаңа талаптарды тәжірибеде тиімді қолдану мәселелері талқыланды.

Мұндай түсіндіру жұмыстары педагогтерге аттестаттау үдерісін дұрыс түсінуге, кәсіби дамуына бағыт-бағдар алуға және білім беру саласындағы жаңашылдықтарды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ — Өрлеу