БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕЛЕС: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІ

Филиалдың жылдық жоспарына сәйкес «Жасанды интеллект
және білім берудің жаңа парадигмасы: мұғалім мен технологияның үндестігі»
тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.
Конференция жұмысы педагогтердің шығармашылық әлеуетін
дамытуға, білім беру сапасын арттыруға және педагогикалық үдерісте жасанды
интеллектіні тиімді пайдалануға бағытталған озық тәжірибелерді талқылауға
арналды.
Конференцияның пленарлық отырысында жасанды интеллект
пен адамдық фактордың үйлесімі, педагогтің шығармашылық көшбасшылығы мен
зерттеушілік әлеуетін дамыту, білім берудегі этикалық нормалар мен деректер
қауіпсіздігі, сондай-ақ білім алушылардың сыни ойлау және ақпаратты сараптау
дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Іс-шараға өңірлік жоғары оқу орындарының, «Өрлеу»
БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, техникалық және
кәсіптік, жалпы білім беретін және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері
қатысты. Қатысушылар тәжірибе алмасып, білім беру саласындағы цифрлық
технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады.
Конференция қорытындысы бойынша:
-
жасанды интеллектіні оқу-тәрбие үдерісінде тиімді
қолдану арқылы білім сапасын арттыру;
-
педагогтің шығармашылық әлеуеті мен зерттеушілік
қызметін дамытуда ЖИ мүмкіндіктерін пайдалану;
-
білім беру үдерісінде ЖИ-ді жауапкершілікпен
пайдаланудың этикалық нормаларын сақтау, академиялық адалдық пен дербес
деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-
білім алушылардың сыни ойлау, ақпаратты талдау және
деректердің шынайылығын тексеру дағдыларын қалыптастыру;
-
жасанды интеллектіні қолданудың озық тәжірибелерін
жинақтап, педагогикалық қауымдастық арасында кеңінен тарату сынды бірқатар
маңызды ұсыныстар айтылды.
Ғылыми-тәжірибелік конференция педагогтердің кәсіби
дамуына, тәжірибе алмасуына, жаңа идеяларды талқылауына және білім беру
жүйесіндегі инновациялық бағыттарды дамытуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтының ұжымы мектеп педагогтерімен маңызды кездесу өткізді

Облыстық телеарнасына сұхбат
«Өрлеу» Ақмола облыстық филиалының аға оқытушысы Гульдана Сагындыкова «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық телеарнаға сұхбат берді.

Психологиялық кеңес беру: алгоритм, техникалар және практикалық жағдайларды талдау
Психологтар мен педагог-психологтарға арналған семинар өтті. Спикер: Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы, Жарқайың ауданы Державин қаласынан Аслан Манатов.